шілік ететін түрлердің көпшілігінің тек Аустралияға ғана тән болатынын атап өтеді. Азиямен құрлық арқылы жалғасып жатқан сонау ертедегі кезде Аустралияның мұндай өзіндік ерекшелігі болмаған. Материк оқшауланғаннан соң бұл өңірге жоғары сатыдағы сүт қоректілер өте алмаған. Соның ішінде Жер шарынын басқа жерлеріндегі қалталыларды жойып жіберген жыртқыштар да келе алмады. Сейтіп, мұнда тіршілік дүниесінін даму жолы басқа материктердегіден өзгешелеу болды. Бұдан кейін мұғалім аустралиялықтардың жақсы көретіні, плюштен жасалған бала аюға ұқсас келетін қалталы аю - коала, вомбат, қалталы ақ тиін, кускус екенін айтады. Тасмания аралында тіршілік ететін қалталы пері жайында, үйректұмсық пен ехидна туралы әңгімелейді, қос тынысты (желбезекті және өкпе тынысты) цератод балығына тоқталып өтеді. Бұл - амфибия мен балық аралығындағы өтпелі жәндік. Бұдан соң мұғалім Аустралия құстарын (эму түйеқұсы, лирақұйрық, тотықұс, жұмақ құстары) қысқаша сипаттайды.
Аборигендер - Аустралияның байыргы тұрғындары -ата-бабалары сияқты көшіп-қонып жүреді, резервацияларда тұрады немесе фермаларда жалшы болып жұмыс істейді. Нақты мысал келтіре отырып, аборигендер ішінде қабілетті, дарынды адамдардың - суретшілер мен ақындардың бар екенін керсеткен жөн. Аустралияның белгілі суретшісі Альберт Наматжир туралы айтқан орынды. Ол 32 жасында суретшіге жүк тасушы болып жалданады да, оның жұмысына зер сала жүріп, екі аптадан кейін сурет салуды үйреніп алды. Осы суретші акварельмен салган пейзаждарының көрмесін ұйымдастырады, ол ойдагыдай өтті. Наматжирдің акварельдері жоғары бағаланып, экранға "Наматжир" деген деректі фильм шығарылады. Бірақ Наматжир өз көрмчсіне қатынасу үшін Сидней қаласына бара алмады, қалага 5 км-дей жақындауына құқы болмады, өйткені Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының заңы бойынша
Страницы: << < 105 | 106 | 107 | 108 | 109 > >>