География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>

кітаппен өз бетімен жұмыс жүргізуіне болады.
Оқушылар материк халқының байырғы және келімсек халықтардан құралғанын білуі қажет. Мұғалім байырғы, келімсек халықтар не екенін еске түсіреді. Африкадан өзгешелігі сол, Аустралияның байырғы тұрғындары халықтың аз бөлігін құрайды, еуропалықтар келген кезде де, қазірде де олар дамудың төменгі сатысында тұр. Байырғы халықтыд қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге ерекше назар аударған жөн.

ІVТақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.
Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.
1. Кескін картаға Аустралияның табиғат зоналарын түсіріңдер.
2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Аустралия Одағына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Аустралияның табиғат зоналарына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, оқушылар Аустралияның табиғат зоналарын кескін картаға түсіреді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Аустралия Одағына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді.
V Үй жұмысы:
1. 55, 56 оқып, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға Аустралияның саяси картасын түсіру. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VІМұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
VІІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сынып: 7

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: