География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  104 | 105 | 106 | 107 | 108  >  >>

мында ғана түсуінің себебін ұғынып алады.
Кезеңнің соңында оқушылар Аустралия климатын қалыптастырушы факторларының бәрін атап шығады.
ІІІМұғалім сабақты "Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?" деген сұрақтан бастауына болады. Одан кейін тіршілік дүниесінің өзгешелігі қарастырылады. Мұғалім оқушыларға тиісті картаны пайдалана отырып, Аустралияның табиғат зоналарын атап шығуларын талап етеді. Оқушылардың табиғат зоналарының бірін-бірі ауыстырып отыруының неліктен екенін жақсы түсінуі үшін, оларға Аустралияның әр түрлі тақырыптық карталарын (физикалық, климаттық, топырақ және табиғат зоналары) салыстыру жұмысы, сондай-ақ Аустралия мен Онтүстік Африка табиғат зоналарын салыстыру ұсынылады. Мұғалім Аустралияның табиғат зоналары Оңтүстік Африканың табиғат зоналарымен ұқсас болғандықтан (саванналар мен шөлдер басым), онда жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлері болуы мүмкін деп сұрайды.
Аустралияның өсімдіктер дүниесі туралы айтқанда, мұғалім түрлер құрамының тапшылығына және эндемиктер ара салмағының көптігіне тоқталады. Эвкалипт ағаштарына сипаттама беруге толық тоқталу қажет. Эвкалипттердің ауыр әрі тығыз сүрегінің өте берік болатынын айтқан дұрыс. Ол, әсіресе, кеме жасау ісінде жоғары бағаланады. Эвкалипт ағашынан жасалған телеграф бағалары ұзаққа шыдайды. Жапырақтары дәрі-дәрмектік май алу үшін пайдаланылады. Эвкалипт тез өседі және ылғалды көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындағы суды сорапша сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті "безгекке қарсы" ағаш деп те атайды, эвкалипт өскен жерде батпақ болмайды, сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрығының өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерлерді құрғату үшін көп елдерде эвкалипт отырғызады.
Жануарлар дүниесіне сипаттама бере келе, мұғалім мұнда тір

Страницы: <<  <  104 | 105 | 106 | 107 | 108  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: