Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>

ірте жойды. Оның орнына әлеуметтік әрекет (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алып отыр. Ойлау, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек қана адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды.
Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған балаларда) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Сондықтан да қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, тәжірибе-өнерлерін кейінгі ұрпаққа тәрбие және білім беру кезінде беріп отырады.
Қорыта келгенде, биологиялық әрекеттер (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) мен әлеуметтік әрекеттердің (еңбек әрекеті, қоғамдық қарым-қатынас, сөз, ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің қозғаушы күштері болып саналады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Адам мен адамтәрізді маймылдардың жоғары дәрежелі жүйке жүйесіндегі айырмашылық неде?
Адам эволюциясының биологиялық қозғаушы күштері және олардың әртүрлі кезеңдегі ролі қандай?
Адам эволюциясының әлеуметтік қозғаушы күші және олардың әртүрлі кезеңдердегі ролі қандай?
Маймылдардың адамға өзгеру процесінде табиғи сұрыпталудың біртіндеп эволюциялық фактор мәнін жоюы неліктен?
14 лекция - Адам эволюциясының бағыттары. Өте ертедегі адамдар (архантроптар).
Дәрістің мақсаты: Адам эволюциясының бағыттары мен архантроптармен, палеонтроптармен, неантроптармен олардың морфологиялық ерекшеліктерімен, іс-әрекеттерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Өте ертедегі адамдар
2. Ертедегі адамдар немесе палеантроптар.
3. Осы заманғы алғашқы адамдар
Казіргі кезде палеонтологиялық деректер бойынша адамның арғы ата-тектері қарапайым құрылысты ертедегі бунақденекоректі сүткоректілерден бұдан 35 млн. жыл бұрын басын алғ

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: