Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  48 | 49 | 50 | 51 | 52  >  >>

гілер тұқым қуалау арқылы беріліп отырды. Біздің маймылға ұқсас ата-тектеріміз алғашқы кезде өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой-өрісінің кеңуіне әсер етті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсуіне де септігін тигізді.
Ең қарапайым еңбек құралдары адамды айналадағы ортаға тәуелділіктен аз да болса құтқарып, табиғат нәрселерінен жаңа, белгісіз қасиеттерді ашуға жәрдемдеседі.
Адамның еңбекке дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік факторлардың ықпал етуіне жағдай туғызып оның ролін күшейтті де, ал биологиялық факторлардың әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі. Маймылдар табында өмір сүргендіктен, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипатта болды. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Сондықтан да Ф. Энгельс адамның ата-тегін топтасып тіршілік еткен жануарлардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатын. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасыында өзара қарым-қатынас қалыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына септігін тигізді, олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өздерінің өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Еңбек әрекетінің дамуына қарай өзара жәрдемдесудің пайдасы айқындала түсті.
Адамның арғы ата-тектері бірте-бірте өсімдік-текті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң аулау және балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Біздің ата-тектің ерте кезеден-ақ тағамға етті пайдаланғаны ежелгі аң және балық аулау құралдарынан белгілі болды. Жануарлартекті отқа пісірілген

Страницы: <<  <  48 | 49 | 50 | 51 | 52  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: