Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>

тағамды пайдалану олардың ағзаларында өзгерістер еңгізеді. Дұрыс ұқсатылып, отқа пісірілген тағамды шайнау көп жеңілдіктер туғызды. Сондықтан маймылдың қуатты шайнау бұлшықеттері бекінген төбесүйек қыры биологиялық маңызынан айырылып, табиғи сұрыпталу нәтижесінде біртіндеп жойылып кетті. Өсімдіктекті тағамнан аралас тағамға көшу салдарынан ішек қысқарды, шайнау бұлшық еттері жетіле түсті. Отты пайдалану суықтан және аңдардан қорғануға жәрдемдесті.
Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ата-тектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақталуына мүмкіндік жасады. Қоғам мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі ишарат, дыбыспен хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болып, іс-әрекетті, жұмысты белгіледі, ал заттардың немесе нәрселердің аттары кейінірек пайда болды. Маймылдардың нашар дамыған көмекейі және ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы тұқым қуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу нәтижелерінде бірте-бірте өзгеріп айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты.
Адамда жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы да қабылдай алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің сапалық айырмашылығын құрайды.
Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның ата-тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік әрекеттер бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-б

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: