ан парапитектер деп есептеледі. Олар ағаш басында өмір сүріп өсімдіктермен және бунақденелілермен коректенді. Олардың жақтары мен тістерінің құрылысы адамтәрізді маймылдарға ұқсас болды. Парапитектен гиббон, орангутан және кейінірек жер бетінен жойылып кеткен маймылдар дриопитектер өздерінің басын алды. Дриопитектерден үш бұтақ басын алды – біреуінен шимпанзе, екіншісінен – горилла, үшінші бұтақтан адамдар таралды, бұдан 15 млн. жыл бұрын.
Адам эволюциясының қозғаушы күштері
б и о л о г и я л ы қ ә л е у м е т т і к
тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталу еңбек әрекеті сөз
ақыл-ой, сана
тұқым қуалайтын өзгергіштік еңбектің қоғамдық сипаты
Сурет Адам эволюциясының қозғаушы күштерінің сызба-нұсқасы
Бізге дейін 20-25 млн. жыл бұрын жоғары сатылы маймылдардың түрлері Африка, Азияның, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен таралды. Ең жоғары сатыдағы адам тәрізді маймылдар да кәзіргі кездегі адам да гоминидтер тұқымдасына топтастырылды.
Бұдан 5 млн. жыл бұрын Африканың ашық далалы аймақтарынан австралопитек деп аталатын адам тәрізді маймылдардың арғы ата тектерінің сүйектерінің қалдығы табылды. Сүйек қалдықтарын зерттеу арқылы ғалымдар олардың кәзіргі кезде тіршілік ететін адам тәрізді маймылдардан гөрі адамға едәуір жақын екенін анықтады. Олардың бойларының ұзындығы 130-150 см, дене салмағы 36-55 кг, ми көлемдері 550 см3. Олар екі аяғымен тік жүріп, аң аулау және жауларынан қорғану үшін денесіне таяныш болу және жүру қызметін атқарудан босаған алдыңғы аяқтарына тас, таяқ т. б заттарды қамтып алатын болған.
Жақсы жетілген тістері мен жақ сүйектері олардың етпен коректенетінін көрсетті.
Австралопитектердің бір тармағынан эволюция барысында адамның тікелей өте ертедегі ата-тегі епті адам пайда болған.
Адамның пайда болуы ұзақ уақытқа с
Страницы: << < 51 | 52 | 53 | 54 | 55 > >>