озылған дәуірлерді қамтиды. Бұл кезде табиғи сұрыпталу ықпалы елеулі орын алды. Бір мезгілде өмір сүрген адамдардың әр түрлі топтары арасында даму дәрежесіне сәйкес талас-тартыстар болып тұрды. Бұл кезде адамның арғы ата тектерімен бірге адам тәрізді маймылдардың да көптеген түрлері тіршілік етті.
Көпшілік ғалымдар адамның пайда болуын төрт кезеңге ажыратады. Олар: австралопитектер, архантроптар (өте етередегі адамдар), палеантроптар (еретедегі адамдар), неоантроптар (кәзіргі кездегі адамдардың арғы тегі).
Өте ертедегі адамдар. Өте ертедегі адамдарға ғалымдар питекантропты, синантропты, гейдельберг адамын жатқызады. Питекантроптың қазбадағы сүйектерінің қалдығын 1891 жылы Ява аралынан голландиялық оқымысты Е. Дюбуа тапқан. Олар бұдан 1 млн 500 мың жыл бұрын өмір сүрген және олар тастан, жануарлар сүйектерінен құралдар жасап, отты пайдаланған. Олардың қоғамдық дамуы австралопитектерден едәуір жоғары дәрежеде тұрған. Сүйектерінің морфологиялық құрылысы да казіргі кездегі адамдарға өте ұқсас. Кейінірек питекантроптың қалдықтары Африкадан, Азиядан және Еуропадан табылды. Питекантроп алға қарай сәл еңкейіп екі аяқпен жүрген, бойының ұзындығы 170 сантиметрге жуық болған, миының көлемі 900 – 1 100 cм3 шамасындай, маңдайы тайқы, қабағы тұтасқан білеу сүйекпен көмкерілген. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөліктері маймылға қарағанда жақсы дамыған. Иек сүйегі томпайып шықпағанмен де жақ сүйектері алға қарай бағыттала біткен. Олар дайындаған еңбек құралдары епті адамдардың құралдарына қарағанда әртүрлі және жақсы өңделіп жасалған. Олар үңгірлерде тұрып алғашқы табында өмір сүрген. Питекантроптарда жақсы сөйлеу қабілеттері болмаса да, оларда сөздің бастамасы болды деп есептеледі. Бұлардың тіршілік барысында еңбекке үйрену, дағдылану арта түсіп, оның өзі мидың даму
Страницы: << < 52 | 53 | 54 | 55 | 56 > >>