Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>

Ормандардың көлемі бірте-бірте азаюына байланысты олар ашық жерлерге мәжбір болған.
Біздің маймылдарға ұқсас ата-тегіміздің морфологиялық және физиологиялық өзгерістерін антропоморфоз деп атайды. Ол өзгерісті тудырған негізгі фактор – еңбек. Ол тек адам эволюциясына ғана тән құбылыс. Әсіресе ашық далаға шығуда тік жүрудің пайда болуының маңызы зор болды.
Ф. Энгельстің және одан бұрынырақ Ч. Дарвиннің пікірі бойынша тік жүрудің пайда болуы маймылдан адамға қарай бағытталған жолдағы шешуші қадам бола бастады. Тік жүрудің арқасында адамның маймылдар тәрізді ата-тектерінің жерде жүргенде денесін қолымен жерге таянып сүйемелдеуден босап, әртүрлі қимылдар жасауға бейімделе түсті.
Тік жүрудің нәтижесінде омыртқа жотасында S әрпі тәрізді имек пайда болып, ол денеге солқылдақтық қасиет берді. Аяқтағы табан сүйектері күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Бұл тұқым қуалау өзгерістерін сұрыптаудағы еңбек әрекетіне пайдалы миллиондаған жылдарға созылған ұзақ процесс болды. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде жүріп отырды. Алдыңғы аяқтарының жұмыс істеуге пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістері бар даралар табиғи сұрыпталу кезінде басымырақ сақталып қалды.
Тік жүрудің тіршілікте қиындықтары да аз болған жоқ. Ол жүріс жылдамдығын баяулатып, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Әрі аяқтағы көктамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне қолдың босауы еңбек құралдарын жасауға мүмкіндік туғызды. Тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең бір шешуші қадам болды.
Адамның алғашқы қалыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осы бел

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: