Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>

орфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы таралу аймағы – ареалы бар популяциялар жүйесін құрайтын даралар жиынтығын айтады.
Бір түрден екінші түр көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді. Түрге тән белгілер мен қасиеттер критерий деп аталады. Түрдің бірнеше критерийлері болады.
Морфологиялық критерий. Бұл критерий бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығына негізделген. Бірақ түр ішіндегі даралар кейде үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін, сондықтан да түрді тек қана бір морфологиялық критерий арқылы анықтауға болмайды. Табиғатта бір-бірінен оқшауланған, өзара шағылыспайтын түрлер морфологиялық жағынан ұқсас болып келеді. Бұлар – түр қосарлары.
Физиологиялық критерий – бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің ұқсастығына негізделген. Әр түрлердің өкілдері әдетте будандаспайды немесе ұрпағы бедеу болады. Түрлердің будандаспауы жыныс мүшелері құрылысының, көбею мерзімдерінің әртүрлілігіне байланысты. Алайда табиғатта будандасып, өнімді ұрпақ беретін де түрлер бар (канарейкалардың, қалтырауық шымшақтардың, терек пен талдардың кейбір түрлері). Демек, даралардың түрге жататынын анықтау үшін физиологиялық критерий жеткіліксіз.
Генетикалық критерий. Түрлердің әрұайсысына тән хромосомалар жиынтығы, олардың саны, мөлшері және пішіні болады. Бұл түрдің басты белгісі. әр түрге жататын даралардың хромосомалар жиынтығы түрліше болғандықтан олар өзара будандаспай, табиғи жағдайда бірінен – бірі оқшауланады. Адамдарда хромосомалар саны – 46, шимпанзеде – 48,жеміс шыбынында – 8, үй шыбынында – 12, алабұғада – 12, итте – 78, көгершінде – 80, қойда – 54.
Экологиялық критерий. Түр нақтылы бір ареал мекендей отырып, өздерінің тірі және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланыста

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: