ашты. Табиғатта түр түзілу және ағзалардың бейімделгіштігін толық қанағаттанарлық тұрғыдан түсіндіріп, шешімін дұрыс дәлелдеді. Міне, осыған байланысты эволюциялық ілім - эволюциялық теорияға айналып дүние жүзінде қолдау тапты. Эволюцияның қозғаушы күштері немесе факторлары анықталды (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу).
Дарвинизмнің одан ары дамуына аса көрнекті оқымыстылар ағайынды Ковалевскийлер (В. О. Ковалевский және А. О. Ковалевский), И. И. Мечников, И. П. Павлов, Н. И. Вавилов, А. Н. Северцев, И. И. Шмальгаузен, С. С. Четвериков т. б. үлкен үлестерін қосты, олар өз зерттеулеріне Дарвин идеясын негіз етті.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Ч. Дарвин ілімінің дамуына қандай алғы шарттар әсерін тигізеді?
Эволюциялық дамуды Ч. Дарвин қандай еңбектері арқылы дәлелдеді?
Ч. Дарвиннің ілімінің негізгі қағидалары қандай?
3 лекция - Микроэволюция. Популяция - эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі
Дәрістің мақсаты: Популяция ұғымымен, оның морфо-физиологиялық сипаттамасымен, популяция динамикасымен, ареалымен, популяцияның генетикалық бірлілілгімен, попудяцияда жүретін микроэволюция процесімен таныстыру.
Сұрақтар:
Микроэволюция түсініктері.
Популяция – эволюцияның қарапайым бірлігі. Популяция түсінігі. Популяцияның негізгі сипаттамалары: морфофизиологиялық, экологиялық, генетиалық. Популяциялар динамикасы.
Эволюцияның генетикалық негіздері. Фенотиптік, генотиптік және паратиптік өзгергіштік. Модификациялар. Реакция нормасы.
Табиғатта тірі ағзалар түр түрінде кездеседі. Түрдің құрамында жеке даралар бар. Түрдің табиғаттағы таралу аймағын ареал деп атайды. Түрдің даралары өз аймағының көлемінде түрлі тіршілік жағдайларына байланысты жиілігі әр түрлі топтар құрып орналасады. Мұндай түр
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>