ысты үнемі өзгеріп отырғаны дәлелденді.
Қолдан сұрыптау нәтижесінде шығарылған жануарлар тұқымы мен өсімдіктер іріктемелері метафизикалық көзқарасқа үйлеспеді. Экспедиция кездерінде жинақталған мол материалды белгілі бір идея тұрғысында топтастырып олардың тарихи дамуының себептерін ашатын данышпан ақыл қажет болды.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Биологияның дамуына К. Линней қандай үлес қосты?
К. Линней жасаған жүйе неліктен жасанды деп аталады?
Биологияның дамуына Ж. Б. Ламарк қандай үлес қосты?
Ламарктың эволюциялық теориясының негізгі қағидалары қандай?
Ж. Б. Ламаркты неліктен алғашқы эволюционист деп атаймыз?
2 лекция -Чарлз Дарвиннің ілімі.
Дәрістің мақсаты: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидаларымен, эволюцияның негізгі факторларымен, табиғаттағы түрлердің алуантүрлілігімен, олардың бейімделу ерекшкліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Чарлз Дарвин өмірбаяны
2. Ч. Дарвин эволюциялық ілімнің негізгі қалаушысы
Чарлз Дарвин (1809 -1882) міне осындай ғалым болып шықты. Ол жастық шағынан коллекция жинап, химиялық тәжірибелер жасауға, жануарларды бақылауға әуес болды. Ол 1826 жылы Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түсіп, 2 жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж университетінің діни факультетіне ауысады. Бірақ оны діни оқу емес, жаратылыстану ғылымы (ботаника, зоология) көп қызықтырады. 1831 жылы ол университетті бітіріп, профессор Дж. Генслоның ұсынысы бойынша сол жылы «Бигль» кемесіне табиғатты зерттеуші есебінде қабылданып, бес жылға созылған саяхат кезінде Дарвин түрлердің өзгергіштігіне толық сеніп, зерттеулер нәтижесінде жинақталған материалдардың ықпалымен онда дүние тануға жаңа көзқарас қалыптасады.
Дарвиннің 1868 шыққан Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзг
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>