дің жекеленген табиғи топтары популяция деп аталады. Сөйтіп түрдің құрамына популяция, популяция құрамына даралар енеді.
Популяция дегеніміз - эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.
Популяция ішіндегі әртүрлі даралардың бір-бірімен кездесу мүмкіндігі едәуір жоғары болады.
Популяция дараларының барлық қасиеттері мен белгілері өзара ұқсас болып келеді.
Түрдің бір бөлігі болып табылатындықтан популяцияның өзіне тән ареалы болады. Әдетте бір түрге жататын популяциялардың әрқайсысының алып жатқан ареалының көлемі біркелкі болмайды.
Түрдің дараларының шағын топтпары популяция өз ареалын кеңейте алады, жаңа аймақтарды игере отырып. Осылай таралу барысында олар бір-бірінмен тозаңдана алмайтындай арақашықтықта орналасып, шағын ареалы бар жеке популяцияларды құрады.
Әрбір популяция белгілі бір жағдайда тіршілік етеді. Кез келген популяция табиғи сұрыпталудың нәтижесінде өзі тіршілік еткен ортаға бейімделетін болады.
Популяциялардың араласып кетуіне көптеген кедергілер әсер етеді: тау, өзен, теңіз, құм тағы басқалар (бұл географиялық кедіргілер).
Биологиялық кедіргілерге – жыныс мүшелерінің құрылыстарының әртүрлі болуы, жануарлардың ұя, ін салу мерзімдері, шағылысу кезіндегі мінез-құлықтары.
Популяция ішінде жүретін эволюция процесі – микроэволюция деп аталады. Популяция ішінде жүретін табиғи сұрыпталу нәтиджесінде ең алдымен түршелер – одан ары қарай белгілердің ажырауы кезінде жаңа түрлер дамуы мүмкін.
Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық
Өзгергіштік дегеніміз пайда болған ұрпақтың ата-анасынан морфологиялық, физиологиялық және де басқа белгілерімен, немесе жеке басының даму е
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>