еруі деген кітабы жарыққа шықты. Бұл кітабында ол органикалық дүние үнемі өзгеріп отырады – оған дәлел адамның пайдалы қол тұқымдары шығаруы деп көрсетті. 1871 жылы Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу деген еңбегі жарияланды. Дарвин бұл кітабында эволюциялық теорияны қолдана отырып адамның жануарлардан шыққанын дәлелдеді.
Тіршілік үшін күрес пен өзгергіштіктің нәтижелерін салыстыра отырып, Дарвин табиғи сұрыпталу кезінде белгілі бір орта жағдайларына сәйкес тұқым қуалайтын пайдалы өзгерістері бар даралар басымырақ сақталып, артына өсімтал ұрпақ қалдырады деп есептейді. Оған керісінше, сол орта жағдайларына сай келмейтін, зиянды өзгерістері бар даралар барған сайын аз ұрпақ қалдыра отырып, сан мөлшері азайып, ең соңында түрдің жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Дарвин табиғатта тірі ағзалар құрылысының бірте бірте күрделенуі және жоғары сатыға көтерілуі - тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың нәтижесі деп тұжырымдады.
Ч. Дарвин эволюциялық ілімнің негізін қалап, оның қозғаушы күштерін ашты:
Тұқым қуалайтын өзгергіштік эволюцияға материал береді.
Тіршілік үшін күресте тұқым қуалайтын пайдалы өзгерістері бар даралар сыртқы орта жағдайларына сәйкес бейімделіп табиғатта басымырақ сақталып, артына өсімтал ұрпақ қалдыра алады. Ал орта жағдайына сай келмейтін зиянды өзгерістері бар даралар бірте бірте жойылады.
Табиғи сұрыпталу кезінде ұзақ эволюциялық жолмен тарихи даму нәтижесінде табиғатта жаңа түрлер пайда болады.
Ағылшынның көрнекті зоологы Альфред Уоллес өз зерттеулерінің нәтижесін қорыта келе, дәл өсындай эволюция жайлы тұжырым жасап, оны Дарвинге хат арқылы баяндады. Дарвин жас ғылымның табиғи сұрыпталу жайындағы идеясына өте жоғары баға берді.
Дарвин бүкіл органикалық дүниенің даму себептерін
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>