із?
5 мин
6
Сабақ қорытындысы
Түсінік бере отырып, бағалау
3 мин
7
Үй тапсырмасы
Бесімбаев Е. Б. -Аспаздық
302-312 беттер
2 мин
Оқытушы: Н. М. Нуржауова
Ет және ет өнімдерінен тағамдар дайындау және ұсыну
Котлет массасын дайындау үшін сиыр мойынды етінің жұмсағын, құрсақ көк етін, шабынды еттерді, шошқаның шабынды еті, сиректеу қойдың мойынды ет жұмсағы, шабынды еттері пайдаланылады. Бұл мақсат үшін құрамында 10- ға майы бар семіз малдың еттерін пайдалану қолайлы. Бебебі бұлардан алынған котлет массасының сапасы жақсы болады. Егер ет майсыздау болса, онда оларға май немесе табиғи майдан 5-10 қосады.
Шабылған ет котлеттері. Массасы әр сыбағаға 57 г ет өлшеп лаып, қызыл аунатпада аунатады. Қалыңдығы 2-2,5 см, ұзындығы 10-12, ені 5 см болатын, бір бұрышы сүйірленген сопақшалау-жалпақ формада дайындалады. Әр сыбағаға - 1-2 данадан.
Шабынды ет биточкалары. Массасы 57 г етті өлшеп алып, аунатпада аунатады, қалыңдығы - 2-2,5 см, диаметрі 6 см етіп жалпақтау дөңгелек формада әзірлейді. Әр сыбағаға - 2 данадан.
Шабылған ет шницелі. Массаны сыбағалап, аунатпада аунатады. Қалыңдығын 1 см етіп, сопақша- жалпақтау форма беріп даярлайды. Әр үлестірме сыбағаға 1 данадан.
Шабылған ет зразасы. Котлет массасын аз мөлшердегі наннан дайындайды. Алынған массадан қалыңдығы 1 см, дөңгелек формалы, оның ортасына тартымдар салып, ұштарын қайырып қосады да қызыл аунатпада аунатып, сопақша келген шеті бар кірпіш формасындағы өнім дайындалады. Әр үлестірме сыбағаға 1-2 данадан пайдаланады.
Тефтелдер. Котлет массасын аз мөлшердегі наннан дайындайды. Шар тәрізді форма беріп, ұн аунатпасында аунатады. Әр сыбағаға - 2 данадан.
Ора
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>