ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>



















5. Электр жабдықтарының жүйесі.

Электр жабдықтары электр қуатын алуға (электрмен жабдықтау), тұтандыру, оталдыру, жарықтандыру, белгі беру, диагностикалау жүйесінің жұмыстарын қамтамассыз етуге, ал қарапайым автомобилдерде қозғалтқышты, трансмиссияны және басқа агрегаттарды автоматты басқаруға, қозғалыс қауіпсіздігін, жайлылықты қамтамассыз етуге және т. б. арналған
Электр жабдықтары екі сымды немесе бір сымды жүйеде жасалуы мүмкін. Негізінде соңғысын пайдаланады, мұнда екіншісінің орнына автомобилдің бейметалдық бөлшектерін пайдаланады. Бұл мыс шығынымен қоса сенімділікті төмендетеді, себебі қысқа тұйықталу қаупі туындайды. "Массамен" электр қуат көзінің теріс жағы жалғанған. Барлық автомобилдерде тұрақты тоқ пайдаланылады, бұл аккумуляторлы батарейяларды пайдаланумен анықталады. тораптағы кернеу 12 В. Соңғы кездері көп тұтынушыларға (мұздатқыш) толықтырушы 24 В жүйе пайдаланады.
Электр жабдықтарының барлық аспаптарын екі топқа бөледі: реттеуші қондырғымен бірге қуат жабдықтау жүйесін құрайтын ток көзі, және тұтынушылар. Генераторлар және аккумуляторлы батареяларды қуат кқзіне жатқызады, қалған аспаптар тұтынушыларға жатады (шамдар, дыбыстық белгінің аспаптары, тұтандыру жүйесі, желдеткіштер, иоңазытқыштар, әйнек тазалағыштар және т. б. )
Электр жабдықтарының жүйесі.
Электр жабдықтарының жүйесі тұтынушыларды электр қуатымен қоректендіруге арналған. Қоректенудің негізгі көзі генератор (8. 1. Сур), мұнда қозғалтқыш жұмысы кезінде, сондай-ақ оның оталуы кезінде қорекпен қамтамассыз етеді. Реттегіш генератор жұмысы кезінде берілген кернеуді, сондай-ақ соңғысының аккумуляторлы батареясымен біріккен жұмысын қуаттайды.

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: