ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

/>


















6. Электр жабдығы жүйесін күту

Генераторды күту сымдардың түйіспелерімен қосылатын жерлерін таза ұстау болып табылады. Генератор мен кернеу реттегіштің ішіне кір және тозаң кіріп кетуіне жол беруге болмайды. Кернеу реттегіші мен реле қақпақтары әрдайым берік жабық тұруы тиіс.
Зауытта құрастырғанда генератордың шарикті подшипниктеріне тозаң кіріп кетпейтіндей етіп, майлап мықтап жауып қояды.
Жұмыс кезінде мезгіл-мезгіл, кемінде айына бір рет коллектор мен щетканың күйін тексеріп, қарап тұру керек. Жұмыс кезінде коллектордың бетіндегі көмір тозаңын үрлеп түсіріп тұрған жөн. Коллектор кірлеп кетсе, бензинмен жуылады.
Генератордың жұмысы дұрыс болуы үшін щеткаларды коллекторға басып тұратын серіппелердің қалыпты керіліп тұруының үлкен маңызы бар.
Серіппелердің щеткаларды қысуы кем болса, ұшқынның күшейетіні коллектор пластинкаларының күйетіні белгілі.
Жалғағыш белдікті бензин, керосин май тиюден сақтау керек.
Кернеу реттегішін күту - кішкене якорьді тартып тұратын серіппенің керілуін реттеу, түйіспелерді тазарту (егер күйген болса) және түйіспелердің өзара қашықтығын реттеу болып табылады. Түйіспелер арасының қашықтығы 0,25 мм болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрін тек шеберханалардағы тәжірибелі механиктер істей алады.
Релені күту - түйіспелерді таза ұстау, оларды тазарту (егер күйген болса) кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылауды реттеу болып табылады.
Кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылау, реле түйіспелері тұйықталып тұрғанда 0,25 миллиметрден 0,75 миллиметрге дейін болуы тиіс. Тіреліп тұрьш қалғанға дейін ажыратқанда түйіспелердің арасы 0,75 миллиметрге дейін болуы керек.
Элек

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: