ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

кторды тазартып, щеткаларды алмастырады.
Генератор мен реле-реттегіш орамдары мен реле-реттегіштің ақаусыздығын, реле-реттегіштің реттелуін және генератордың түзеткіш құрылғысы диодтарының күйін шеберханада арнаулы стендіде тексереді
Генератор бұзылуының жиі кездесетін түрі тізбектегі ток күшінің нашарлауы болады. Мұнда шамдар күңгірт жанады. Тізбектегі ток күшінің нашарлығына, щетканы коллекторға басып тұрған серіппенің әлсіздігі, щетка мен коллектордың тозғандығы, коллектордың көмір үгіндісімен немесе майдан тозғандығы себеп болады. Осы айтылғандар тізбектің кедергісін ұлғайтады да, содан ток күші азаяды. Щеткалардан ұшқын шығуына да серіппенің әлсіз болуы немесе коллектор тозып, кірлегендігі, щеткалардың коллекторға нашар тиіп тұрғандығы себеп болады.
Щеткаларға, коллекторға және релеге май тисе аталған механизмдердің жұмысы бұзылатынын есте сақтау керек. Жұмыс кезінде коллекторды көмір тозаңы басып кетеді. Бұл тозаңды үнемі тазартып отыруы керек. Көп істеген коллектор тозып, цилиндр түрінен айырылады, ол қайта жонып шығуды керек етеді. Коллекторды арнаулы шеберханада жону керек.
Автомобильдегі шамдардың жарығы реттегіш серіппесінің керілуін өзгертумен реттеледі. Ол үшін кернеу реттегішінің қақпағын абайлап алып қойып, серіппенің реттегіш винтін дәнекерден босатады. Шамдардың жарығын күшейту үшін реттегіш винттің гайкасын қаттырақ бұрау керек, ал (лампочка күйіп кетсе) жарықты азайту үшін гайканы босату керек. Лампаның жарығын реттеп алған соң, реттегіш винтті, гайка өз бетімен босап кетпеу үшін дәнекерлеп, бекітіп қою керек.
Жарық сәулесінің шашырауы фараның арт жағындағы винтпен реттеледі.
Генератордың қозбай қалуы түйіспенің нашарлығынан немесе орамның үзілуінен, келте тұйықталудан болуы мүмкін. Генератор жұмысын бөгейтін себепте

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: