тр тізбегін қарап шығу, фараларды бекітіп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйін тексеру, щеткалардың коллекторға дұрыс жабысып тұрғанын тексеру подшипниктердің күйін тексеру техникалық күту ережелері бойынша жүргізіледі.
Стартерді бұзып көрген кезде оның мыс-графит төлкелерін маймен майлап қою керек. Коллектор мен щетканы жетісіне бір рет тексеріп тұрған жөн болады. Коллекторды кір басып кетсе, бензинмен жуу керек. Щеткаларды көп тозаң басып кетсе, оны үрлеп түсіреді. Бендиксті таза ұстау керек.
Электр жабдығы жүйесінің ақаулары оларды жөндеу. Электр жарығының жүйесі қалай бұзылса да алдымен өткізгіштердің, шамдардың, фаралардың бұзылғаны жоқ па екен, соны тексеру керек. Өйткені, тәжірибеге қарағанда, бұзылу генератор мен кернеу реттегішіне сыртқы тізбекте кездесетін болады.
Щеткаларга, коллекторға релеге май тисе, аталған механизмдердің жұмысы бұзылатынын есте сақтау керек. Жұмыс кезінде коллекторды көмір тозаңы басып кетеді. Бұл тозаңды үнемі тазартып отыру керек. Көп істеген коллектор тозып, цилиндр түрінен айырылады, ол қайта жонып шығуды керек етеді. Коллекторды арнаулы шеберханада жону керек.
Генератор бұзылуының жиі кездесетін түрі тізбектегі ток күшінің нашарлауы болады. Мұнда шамдар күңгірт жанады. Тізбектегі ток күшінің нашарлығына, щетканы коллекторға басып тұрған серіппенің әлсіздігі, щет- ка мен коллектордың тозғандығы, коллектордың көмір үгіндісімен майдан тозғандығы себеп болады. Осы айтылғандар тізбектің кедергісін ұлғайтады да, содан ток күші азаяды. Щеткалардан ұшқын шығуына да серіппенің әлсіз болуы коллектор тозып, кірлегендігі, щеткалардың коллекторға нашар тиіп тұрғандығы себеп болады.
Автомобильдегі шамдардың жарығы реттегіш серіппесінің керілуін өзгертумен реттеледі. О
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>