рге: щеткалар түйіспелерінің нашар болуы, реленің бұзылуы және кейде тізбектің бір жерінің үзілуі жатады. Генератордың қысқыштарындағы кернеудің шамдарды күйдіріп жіберетіндей болып өсіп кетуі кернеу реттегішінің бұзылуынан болады.
Шамдардың біреуі жанбай қалып, жарық берудің бұзылуы шамның күйіп кетуінен, немесе өткізгіштің не патронның бзылуынан болады. Өткізгіш сым массаға қосылып кетуі, үзіліп қалуы немесе қысқышқа нашар қосылған болуы мүмкін.
Стартерлердің ақаулары. Стартерлерге тән ақаулар төмендегідей: стартер оталмайды, стартердің якорі иінді білікті бұрмайды, стартерді қосқан кезде оның тістерінің шықыры қатты естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектің үзілуі, қозғалмалы түйіспелі дискінің жеке стартер релесі қысқыштарының күйіп кетуі, коллектордың ластануы, щеткалардың тозуы, щетка ұстайтын серіппелердің әлсіреуі нәтижесінде келмеуі мүмкін.
Стартерді қосқан кезде естілетін шырт еткен дыбыс, стартер релесі мен іске қосқыш реленің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстың жиілігі мен маховик тәжіне шестерняның жиі соғылуының себебі-стартер релесінің ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якорі ұстатқыш орамның көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.
Егер стартер іске қосылса, ал мотордың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, онық себебі аккумулятор батареясының разрядтануынан, қысқыштардың тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>