я шамадан артық күш түсуіне байланысты пластиналардың қисаюының салдарынан активті масса шөгеді.
Аккумуляторлар қызметінің толық тоқтатылуы (шығару штырьларында кернеу болмайды) сепараторлар зақымданғанда немесе шығару штырьларының бареткадан немесе элемент аралық қосылыстардан үзілуі кезінде аттас емес пластиналардың өз ара тұйықталуы салдарынан болады.
Батареяны ұяға бос бекітуден болатын соққыдан, абайсыз тасымалдаудан, тығыздығы төмен электролиттің қатып қалуынан бакта сызат пайда болады.
Батареяны автотранспорт немесе автомобиль жөндеу кәсіпорындарының аккумулятор цехында немесе мамандандырылған шеберханада жөндейді(бөлшектейді, ақаулы пластиналарын, сепа ратррларын алмастырады, штырьларды пісіреді және т. с. с).
Генераторлар мен реле-реттегіштің ақаулығы. Олардың ақаулы болуынан тұтынушы орындардың генератордан қоректенуі және аккумуляторлы батареяныңзаряды кемиді немесе толық тоқтатылады. Мұны амперметрдің көрсетуі, сондай-ақ двигательдің орташа және үлкен айналымдарда жұмыс істеуі кезіндегі жарық беру лампыларының жеткіліксіз қызуы, дыбыс сигналының әлсіз істеуі және т. б. бойынша анықтауға болады. )
Генератордың қалыпты жұмыс істемеуі көбінесе мынадай себептерге байланысты: генератор жетегі ременінің әлсіз керілуі; коллектордың немесе контактілі сақиналардың және генератор щеткаларының ластануы және тозуы, щеткалар серіппесінің босаңсуы; генератор сымдарында тұйықталу немесе үзілудің болуы; реттеудің бұзылуы, контактілердің күюі және реле-реттегіштің басқа да ақаулығы; түзеткіш құрылғы диодтарының ақаулығы.
Желдеткіш пен генератор жетегі ременьдерінің керілуін тексеру әдістер бойынша жүзеге асырылуы керек. Коллектор мен щеткалардың күйін қорғауыш лентаны шығарып ала отырып, қарап байқау арқылы бақылайды, егер қажет болса колле
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>