ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

мен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.









4. 1 Ток көздерін жөндеу

Ток көздерінің ақаулығы. Аккумуляторлы батареяның ақаулығына оның өздігінен зарядсыздануы, сыйымдылығының төмендеуі, жұмыс істеуін толық тоқтатуы, сондай-ақ бакта сызаттың болуы және басқа да зақымдану жатады.
Өздігінен зарядсыздану дегеніміз тұтынушы орындар ажыратылып тасталған кездегі батареяның зарядсыздануы. Батарея сыйымдылығының тәулігіне 1,0 -- 1,5 процентінен аспайтын өздігінен зарядсыздану (толық зарядсыздану 60 -- 100 тәулікте орындалады) қалыпты деп саналады.

Батарея бірнеше сағат ішінде зарядсызданатын үдемелі өздігінен зарядсызданудың себептері мынадай: батарея бетінде токтық кемуін тудыратын электролит пен ластың болуы; бактық түбіне қабырғалар деңгейінен жоғары жинақталған активті массаның шөгінділерімен оң және теріс пластиналардың өз ара тұйықталуы; электролиттің бөгде қоспалармен ластануы.
Батарея сыйымдылығының төмендеуі мынадай себептердің біріне байланысты болады: пластиналардың сульфаттануы, электролит тығыздығының жеткіліксіздігі, активті массаның шөгуі. Аккумуляторлардың аса күшті зарядсыздануы (1,7 вольттен төмен) кезінде немесе батареяны зарядсызданған күйде ұзақ уақыт қалдырғанда, аккумуляторлардағы электролиттің деқгейі төмендегенде сульфаттану процесі жүреді: электролиттің шамадан тыс тығыздығы салдарынан немесе стартерді 10 секундтан астам уақытқа үздіксіз қосу, сондай-ақ аса тұтқыр май құйылған суық двигательді стартермен оталдырған кезде аккумуляторлы батаре

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: