Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауыз екі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауыз екі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту
Бүгінде еліміздің қай өңірінде болмасын кез келген қазақ мектебінің есігін ашсаңыз Ыбырай бабамыздың "Кел, балалар, оқылық!" деген ұлағатты сөзі бірден көзге түседі. Бұл-заңдылық. Осы өлең жазылған1879 жылдан бері қазақ мектебінің есігін ашқан әр өреннің ең алғашқы жаттаған өлеңі де осы деуге болады . Қай қоғамда болмасын кез келген мәселе тарих шеңберінде, халық санасында,ел аузында екшеленеді,сұрыпталады. Бұл құбылыстан ешкім де,ештеңе де шет қалмайды. Ал ғасыр асқанмен ел тарихында, халық жүрегінде сақталып келе жатқан,өміршеңдігін жоғалтпаған өзектілігінен айнымаған қазақ мектебінің ұранына айналған Ыбырай Алтынсариннің "Кел,балалар,оқылық!" өлеңі әлі де талай ұрпақтың көкірегіне білім нәрін құяр тағылымды өсиет бола беретініне еш дау жоқ. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктеп отыр. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі екенін түсінемін. . Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш мектептiң сабақтарында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуден басталады. Оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жетк

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: