Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауыз екі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

мұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Тіл дамыту жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргізуге болады:
1. Тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт.
2. Өтілетін мәтіндердің , орындалатын жаттығу жұмыстары,иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың ұғымына таныс және жеңіл болуы.
3. Сөздік жұмысын жүргізу,сөз тіркесін, сөйлемдер құрату.
4. Алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу.
5. Тіл дамытуда мақал-мәтелдер , мысалдар, өлең-жырлар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы тиіс.
Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп,нақыл сөздер көп. Мысалы дүниетану сабағынан "Дәрілік өсімдіктер"тақырыбында өткен сабақта мынадай мақал-мәтелдермен, тыйым сөздер пайдаландым.
1. Ер-елдің көркі, орман тоғай жердің көркі.
2. Дәрі - шөптен шығады,дана-көптен шығады.
3. Дала көркі- мал, өзен көркі - тал.
4. Көк шөпті жұлма, таптама.
5. Құс ұясын бұзба.
-Мұнда тапсырманы әр түрлі тәсілде пайдалануға болады. Оқушыларға мақалды бірнеше қайталап оқытып, жатқа айтқызу немесе мақалдың жартысын өзім айтып оларға жалғастыртуға болады. Оқушылардың білімдерін қорытындылау кезінде топтастыру сызба
лары, венн диаграммаларын пайдаланамын.
Сұрақ: - Мейірімділік дегенді қалай түсінесің?
Оқушылардың жауаптары сызбаға жазылады. Баланың тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Айналадағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы ,көрген кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда "Сын тұрғысынан о

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: