Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

і жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

Ойынның барысы:

Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты карточкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: Бір-бірінің қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер ойынға қатысушының біреуі карточкасыз қалса, онда ол женген болып саналады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Карточкаларды араластырып ойынды ары қарай жалғастыруға болады.



"Менің үйім қайда?"

Мақсаты: Балаларды аквариум тұрғындары мен су тоғандарын жіктеп аттарын атауға үйрету.
Ойын ережелері: Өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.
Ойынның барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі-балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп,сәйкес келетін
карточкаларды таңдап алады,сонан кейін топ болып,бас қосады. Олар жинаған суреттерді қойып,әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне "үй" таңдайды(аквариум немесе су тоғаны).


"Кім қандай?"

Мақсаты:Балаларды жәндіктердің сыртқ кейпіне,дағдыларына,мекеніне,қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.

Ойын ережелері:кім,не,қандай деген сұрақтарға нақты жауап беру керек. .
Ойынның барысы:Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып,оның сыртқы кейпінің ерекшеліктер,
қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып үлгі көрсетеді. Бірінші кезеңде иллюстрациялық
материал қолдануға болады.



"Экологиялық тізбек"

Мақсаты:Қоректік тізбек

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: