r/>
Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.
Бірінші беті - күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.
Екінші бетте - күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.
Үшінші беті - күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.
Төртінші беті - күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.
Пирамида құрастырылғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады.
"Гүл шоғын құрастыр".
Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.
Ойынның ережелері. Гүлдің кімге арналғанын, Қайда өсетінің және қалай аталатынын көрсету.
Ойынның барысы.
1. Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шағын далаға "экскурсия" жүргізіледі. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболиттің суреттері қойылды.
Бағбан бақтан, көблек шағын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар Кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен балалар сыйлықтарға баға береді.
2. "Дүкен". Кейіпкерлер , егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, олар гүл сатады.
3. "Гүл шоғында не артық?". Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталынады.
"Зоологиялық домино".
Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.
Ойын ережелері: Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүріст
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>