а іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр-түспен, келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз.
Қане, бастайық!
Бүгін балалар мектепке бара жатыр.
Кеше біз саяжайдан келдік.
Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.
Құстар ұя салып жатыр.
Тауда ұяда балапандар пайда болды.
Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.
"Тез жауап бер".
Мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға жаттықтыру. Құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.
Ойынның ережелері. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады.
Кестеге сұрақтар.
1 Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?
2. Кестеде барлығы неше құс? Оларды ата.
3. Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (аңдар артық).
4. Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).
5. Балықтарды ата.
6. Құстарды ата.
"Экологиялық пирамида".
Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, эколргиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.
Ойынның ережелері. "Экологиялық пирамида" құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында- "экологиялық пирамида деген жазу бар.
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>