Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

тің буындары туралы түсініктемелер беру:тірі табиғат,өсімдіктер,улы өсімдіктер,жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру:табиғатта жануарлар да,өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.
Ойын ережелері:Таңдауға негізделе отырып,экологиялық тізбек құрастыру.
Ойынның барысы:Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап,тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.
Мысалы:
Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі.
Дәндер-тышқан-аққұлақ-жапалақ.
Ағаш-қоян-қасқыр.


"Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап"

Мақсаты:Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.
Ойынның барысы:Әр бала қандай да бірмамандықты ойлап,жасырады,ал қалғандары оны табу керек. Балалар бір-бірден шығады,ал қалғандары сұрақ қояды. Жауаптарына байланысты бала "иә" немесе "жоқ"деп жауап береді. Міне,осы жауаптардан балалар сіздің мамандығыңызды табуы қажет.


"Жұбын тап"

Мақсаты:Балалардың шыны,пластмасса,тері және резина материалдары туралы
білімдерін бекіту.
Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларға шыныдан,теріден,пластмассадан және резинадан жасалған заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді. Балалар топқа бөлінеді. Тәрбиешінің белгісі бойынша,лолар өздеріне жұп табу керек,яғни нақты сол материалдан жасалған заты бар баланы табу керек. Балалар өздерінің екінші жұптарын тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрыс-бұрыстығын тексереді,олардан неге дәл осы суретті таңдағанын сұрайды.




"Сүйікті қаламызға саяхат"

Мақсаты:Туып -өскен қаласы туралы білімдерін бекіту;үлкендер еңбегі,автокөліктер.
Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларды үш топқа бө

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: