Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14  >  >>

ліп,карточкаларды таратады. Содан соң қаланың көрікті жерлері,үлкендер еңбегі,автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді. Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.



"Кім тапқыр?"

Мақсаты: Берілген дыбыстың орның таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,
жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Көрнекілігі:берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер,
ойыншықтар,жалаулар.
Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында,
соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс
сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді
"Қарама - қарсы сөздер".

Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Көрнекілігі: доп, карточкалар.
Ойын шарты: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге
Кері лақтырып, айтылған сөзге қарама- қарсы сөзді айтуы керек.


"Сөз ойла, тез ойла".

Мақсаты: берілген дыбысқа, сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дыбыссыз
Дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер
(дыбыстардын дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: