Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

енің қайда екенімді тап"
Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.
Керекті құралдар. Қазақстан қалалары туралы ашықхаттар жиынтығы.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашықхаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай қала екенін табулары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге көмектеседі.




"Қателесіп қалма?".
Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады:
Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндеріңді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен "таңертең" деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарынды атайсындар?
Балалар еске түсіреді:
Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.
Дұрыс,- дейді тәрбиеші. - Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана айтады. Әрекетті атаған соң ол текшені өзге ойыншыға береді.
Тәрбиеші күннің түрлі уақытын айтады, ал балалар жауап береді.

"Осы, өткен, келер уақыт"
Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгін-осы шақ; болды - өткен шақ; ертең, болады-келер шақ.
Ойынның ережелері. Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ған

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: