ақ берді» дейді.
Кейін Мағжан мен Ғабең 1936 жылы Алматыда тағы кездеседі. «Мен Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі едім. Мағжанды жұмысқа орналастырдық. Ол жұмысына құлшына кірісті. Дінге қарсы орысша бір трактат іспеттес еңбек жазып әкелді. Жұмысының өзі де дінге қарсы үгіт-насихат жүргізу еді». (Ғабит Мүсірепов). Жайық Бектұровпен әңгімесінде Ғабең: «Менің ойымша, Мағжан шығармаларын басуға бұл күнде совет өкіметінің еш бөгеттігі жоқ, бұлай деу бос сөз. Оның шығармаларын жарыққа шығаруға біздің өзіміздің көптен бергі бір беткей қалыптасып кеткен теріс дағдымыз, теріс көзқарасымыз, Мағжанды ұлтшыл деп жамандап қалған ескі әдетіміз бөгет. Біз біреуді жамандасақ, тасқа басқан таңбадай, өмір бақи өшпейтін қара бояудай көреміз. Кейде тіпті қайсыбір ақындарымыздың іштей қызғаншақтығы да бөгет болып жүр» деп Мағжан шығармаларын жарыққа шығаруға қатысты ойларын ашық білдіріпті. Алайда, Ғабең Мағжанға ара түскен жоқ, Мағжан туралы естелік те қалдырмады. Оның себебін қазір дөп басып айту қиын. Атақты «Бесеудің хатына» қол қойған, «Бейімбет жау болса, мені де жау деп санаңыздар» деген Ғабеңнің Мағжан туралы қалам тартпағанын түсіну де, түсіндіру де қиын.
Соңғы жиырма жылдың ішінде Мағжан жайлы біраз дүние жарық көргенін жоғарыда айттық. Солардың ішінде белгілі жазушы Жайық Бектұровтың еңбегінің орны бөлек десем ақиқаттан тым алыс кете қоймаспын. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Марғұлан сынды қазақтың асыл ұлдарының әдеби портреттерін оқырманға тарту еткен Ж. Бектұров Мағжанның халқына қайта оралуына да көп еңбек сіңірді. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарған жылдары Солтүстік Қазақстан облысына сан мәрте келіп, Мағжанның жары Зылихамен кездесіп, қолынан келген көме
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>