Бес арыс

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>

болуы керек, ақын туралы пікірі өзгеріп, артына Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы зерттеу еңбегін қалдырып кетті. Атақты жазушының «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деп аталатын кітабына енген осы еңбекте Мағжан туралы мынадай жолдар бар:
«… Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетте жаңа түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ». Бұл Мағжан өмірден озбай тұрып 1932 жылы айтылған сөз. Нақ осы кезде қуғын-сүргінге ұшырап, қиналып жүрген Мағжан да Сәбеңнен сырт айналуды жөн деп таппайды, хат жазып одан ақыл-кеңес, көмек сұрайды.
Осы арада Мағжан Жұмабаевтың Сәкен Сейфуллинмен қарым-қатынасы туралы да әңгімелей кету артық емес сияқты. Мағжан 1937 жылы Алматыға табан тірегенде Сәбең қарсы алғанмен «Менің жолым-теріс. Сәкендікі – дұрыс болды. Алдымен соған сәлем берейін» деген тілегін білдіреді. Сәбең өзінің естелігінде жазғандай, ретін тауып Сәкенге хабар береді. Сәкен қарсы болмайды, екеуі көздеріне жас алып құшақ-тасады. Осы арада Мағжан Сәкеннен кешірім сұрайды. Сәкен: «Саған бәрі де кешірімді, бізден енді кешірім сұрама» дейді. Сол күні Мағжан Сәкен үйінде қонып қалады.
Сырт көзге қатардағы оқиға сияқты болып көрінгенмен екі алыптың түсінісуі – бұл тарихи сәт еді. Өйткені, оған дейін олардың арасы жақсы емес-ті. Мағжан мен Сәкен тұңғыш рет Омбыда кездескен, сонда бірге оқыған. Кейін араларынан «қара мысық» жүгіріп кетіп, кикілжіңмен біраз жерге барып қалған. Екеуі де ақын болғаннан кейін бірін-бірі сөзбен түйрейді ғой баяғы. Соза берсек, бұл өзі таусылмайтын әңгіме. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев ағамыз бұл жөнінде «Өнер бәсекесі, немесе Мағжан мен Сәкен» деген көлемді тарихи-әдеби эссе жазған.
Ақы

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: