н Мұзафар Әлімбаевтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде (1991 ж. 21 мамыр) жарияланған «Мағжанды махаббатпен оқығанда» деп аталатын эссесінде де Мағжан мен Сәкеннің ара-қатынасын ашатын тұстар аз емес. Ақын ағамыз өмірдің өз ағымында, әдебиеттің дамуында әрқилы мектептердің, әр алуан таланттардың бәсекесі, жарысы, айтысы мен тартысы қызу жүріп келгенін, жүре де беретінін айта келіп, «Мағжанның идеялық және эстетикалық позициясына қарсы жанкешті күреспесе, Сәкеннің азамат әрі ақын-суреткер ретінде қауырт өсіп, биікке самғауы, ол ол ма, қазақ әдебиетіндегі жалаугер жетекшілігі қамтамасыз етілер ме еді. М. Жұмабаевтың «Батыр Баянымен» қиын жарысқа Сәкен өзін өткір қайрап салмаса «Көкшетау» дастаны өзінің ғажайып көркемдік дәрежесіне көтеріле алар ма еді?» деп сауал тастайды. Сөз жоқ, осы бәсеке жай да жүйрік қаламды одан сайын желқанаттандыра түскені анық. Олай болса, Мағжан мен Сәкен өмір көшінде әрдайым бірге жүрді. Олардың өмірлерінің соңғы сәтінде кездесіп түсінісулері, табысулары кездейсоқтық емес. Бұл халқымызға бұйырған тағдырдың сыйы.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты жайларды елеп-екшеп жүре мені «Мағжан туралы оның жерлесі, замандасы, заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов неге бір ауыз сөз қалдырмаған?» деген ой мазалай беруші еді. Оның жауабын жазушы Жайық Бектұровтың «Бес арыс» («Жалын» баспасы, 1992 ж. ) деп аталатын жинаққа енген естелігінен тапқандай болдым.
Ғабең бірде Жайық Бектұровқа Мағжанмен алғаш рет 1928 жылы Бурабайда кездескенін, Ақмола губерниялық партия комитетінің хатшысы Садықбек Сапарбековтің өзін шақырып алып, «Мағжанның орнына орман шаруашылығы техникумында оқытушы бол» дегенін айтып береді. «Бурабайға келдім. Мағжанды осында бірінші рет көрдім. Ол өзінің пәтерін маған беріп, Қызылжарға кетті. Сонда барып совпарт школда саб
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>