Бес арыс

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>

гін аямаған. «Мағжанды іздестірдіңіз бе? Жоғарғы жаққа арыз жаздыңыз ба? деп сөз бастап кеттім. «Жаздық қой. Жазбаған жеріміз жоқ. Ештеме шықпады», - деді Зылиқа. Мен ол кісіге: «Сіз Н. С. Хрущевке жазыңыз. Күйеуім ақын еді, жұрт ұлтшыл десті. Бірақ ол ешқандай басшы жұмыста болған жоқ еді. Кеңес үкіметіне қарсы ешбір теріс әрекет істеген адам емес. 1930 жылы ұлтшылсың деп бір соттады. Одан лагерьде жазасын өтеп келіп, болмашы қызмет істеп жүргенде қайта қамалды, жоқ болып кетті» деп жазыңыз» дедім». (Ж. Бектұров)
Жазушы осыдан кейін өзі де қарап отырмайды, Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи Құдашқа хат жазып, Мағжан Жұмабаевты ақтауға көмектесуін сұрайды. Мағжан Жұмабаевпен Уфадағы «Ғалия» медресесінде бірге оқыған С. Құдаш 1969 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д. Қонаевқа хат жолдайды. «Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры туралы» деп аталатын бұл хатында башқұрт әдебиетінің ақсақалы Қазақстанның көптеген қалаларынан, оның ішінде Қарағандыдан да, Мағжанға ара түсуін сұраған өтініштер келгенін жазады.
Жайық ағамыздың Мағжанға, Мағжанның артында қалған жесірі Зылиқаға жасаған басқа да жақсылықтары аз емес. Мағжан ақталғаннан кейін Зылиқаны шетқақпай қыла бастаған ақынның туыстарының орынсыз әрекеттерін айыптағаны тағы бар. Ол: «Өмірде әділетсіздік көп қой. Бәрі де қараңғылықтың, іші тарлықтың белгісі. Бұрын естерінен шығып кеткен Зылиқа, енді Мағжан жұрттың аузына қайта іліге бастағаннан кейін, бұл байғұстардың да тіліне, көңіліне орала бастапты. Бұлардың да әкелері, туыстары сотталып, есеңгіреп қалған адамдар. Жалған қызғаншақтық сезім де бар. Жақсы мұраға ие болғысы келетін ниет те бар. Баласы, ұрпағы жоқ, жалғызбасты сорлы кемпірдің Мағжанның із-түссіз кеткен еңбектерін инемен құдық қазғандай жинағанын өзге, соның көп азап-бе

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: