Баланың достарымен, заттық объектілерімен өзара әрекет тәжірбиесін меңғеруде заттық – даму ортаның атқаратын рөлі, түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды модельдеу

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ОЙЫНДАР
(М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі бойынша)
Ойын: "Мүйізіңді көрсет"
Жасы: 1-3 жас аралығы
Қажетті заттар: қатырма қағаз, қайшы, фламастер
Ойын барысы: қатырма қағазға ұлу, жираф, ешкі, сиыр секілді мүйізі бар бір жануардың суретін салып, дәл мүйізі бар тұсын қайшымен қиып аламыз. Қиылған сағылаулардан саусақтарымызды шығарып мүйіз жасаймыз. Балаға қайталауды ұсынамыз.
Ойын: "Ермексаздан жасалған шелпектер"
Жасы: 1,5-3 жас аралығы
Қажетті заттар: ермексаз, ойыншық балға
Ойын барысы: ермексаздан бірнеше дөңгелектер жасап алып, балаға оны балғаның көмегімен ұру арқылы шелпек жасауды ұсынамыз. Ойын қызығырақ болу үшін қанқыз не дақтары бар бейнені жасап алып, балаға дақтарын жасау ұсынылады.
Ойын: "Әдемі түтікше"
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған
Жасы: 2-3,5 жас аралығы
Қажетті заттар: диаметрі 0,7-1см болатын түтікше, ұсақ фосоль не моншақтар.
Ойын барысы: түтікше ретінде қаламсаптың қораптарын алуға болады, ең бастысы оның мөлдір және қақпағы болғаны дұрыс. Алдымен қақпағын ашып, ішін моншақтармен не ұсақ фасольмен толтыру ұсынылады. Сосын түтіктің қақпағы жабылады. Өз қолымен жасалған түтік-сылдырмақ балаға сөзсіз ұнайды.
алу ұсынылады. Кейін өзіне бекітуге мүмкіндік берген жөн. Екі не одан да көп түсті скрепкаларды пайдаланып, түс ажыратуларын да бекітуге болады.
Ойын: "Жүк тасушы"
Жасы: 2,5-4 жас аралығы
Қажетті заттар: ойыншық жүк көлігі, ұзын бау не жіп, қарындаш, кубиктер
Ойын барысы: жүк көлігіне кубиктерден мұнара жасау арқылы толтырып жүк тиейміз де, көлікке жіп бекітеміз. Жіптің келесі ұшына қарындаш бекітіледі. Бала жіпті қарындашқа орау арқылы, жүкті құлатпай иесіне жеткізуі керек. Бірнеше баламен сайыс

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: