1. Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бала тұлғасын дамытудың, танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі қоршаған орта - бала өмір сүретін, ойнайтын, дем алатын орта болып табылады. Балаға сезім мүшелері арқылы әсер ете отырып, оның әсемдік, талғам, құндылық бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Осының барлығын балабақшада балаға жағдай құру барысында ескеру қажет.
Соңғы уақытта "заттық дамытушы орта" ұғымы пайда болды. Заттық дамытушы орта дегеніміз не? (тәрбиешілердің жауабы)
"Заттық-дамытушы орта - бұл баланың рухани және дене дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны, оның іс-әрекетінің материалдық обьектілерінің жүйесі"
Олай болса, біздің бүгінгі теориялық семинарымыздың тақырыбы "Баланың достарымен, заттық объектілерімен өзара әрекет тәжірбиесін меңғеруде заттық - даму ортаның атқаратын рөлі, түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды модельдеу" деп аталады.
Біздің ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:
1. Балабақша - балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;
2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.
Кіші топтардың бағдарламаларын талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.
Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблема. Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты деген тұжырым бар. Сонымен қатар саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>