Баланың достарымен, заттық объектілерімен өзара әрекет тәжірбиесін меңғеруде заттық – даму ортаның атқаратын рөлі, түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды модельдеу

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

бізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қантты сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)
Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.
7. Бақшада
Күректерді алайық, (екі қолмен күрек алғандай қимылдайды)
Жерді қазып, дайындап, (қолменен жер қазады)
Тыңайтқышты шашайық. (саусақ ұштарымен себеді)
Тырнауышты алайық, (саусақтарын жартылай бүгіп, араларын ашады)
Бақшаға жер дайындап, (үстел үстін тырмалайды)
Дәнді сеуіп тастайық. (саусақ ұштарымен себеді)
Шелекпен су құяйық,(жұдырықтарын түйіп, су құйғандай білезіктерін қимылдатады)
Арамшөбін жұлайық, (саусақтарын жинап, шөп жұлады)
Күн астында бақшамыз,(алақандарын жаяды)
Жылдамдатып өссін деп,
Қарап, қарап қояйық. (қолдарын қабақтарына апарып, айналаны қарайды)
8. Компот
Жемістерді жинаймыз, (қолдарымен жемістерді жинайды)
Алманы ірі тураймыз, (қолдарының қырымен турайды)
Алмұртты алып ұсақтап,
Алхораны жуамыз. (жуғандай әрекет етеді)
Лимонды алып сығамыз, (жұдырық түйіп, сығады)
Қантын мол қып қосармыз. (саусақ ұштарымен қант себеді)
Суын құйып қайнатып,
Қонақтарға тосамыз. (алақандарын жайып, ұсынады)
9. Орамжапырақ
Орамжапырақты аламыз (саусақтарын сәл бүгіп, беттестіреді)
Пышақпенен тураймыз (қолдың қырымен турайды)
Оны қатты қысып ап, (қолдарын сәл бүгіп, қысады)
Дәміне қарай тұздаймыз. (тұз себеді)
Суын әбден сығамыз (жұдырықта ашып, жұмады)
10. Найзаға

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: