Баланың достарымен, заттық объектілерімен өзара әрекет тәжірбиесін меңғеруде заттық – даму ортаның атқаратын рөлі, түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды модельдеу

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

өткізуге де болады. Жүкті құлатпай, алғашқы жеткізген жүргізуші жеңімпаз атанады.
.
.
Ойын: "Саңырауқұлақ жинайық"
Жасы: 2-5 жас аралығы
Қажетті заттар: боялған және ұсақталып қиылған паралондар, себет
Ойын барысы: балаға жерге шашылған ұсақ паралондарды "саңырауқұлақ" ретінде жинау ұсынылады. Ол әр паралонды жеке жеке жинап алып, себетке бір бірден салуы керек. Бұл ойын сонымен қатар ұқыптылық пен тазалыққа үйретеді.
Ойын: "Судан сүзіп ал"
Жасы: 2-5 жас аралығы
Қажетті заттар: су құйылған ыдыс, сүзгі, батпай жүзетін ұсақ заттар, бос ыдыс
Ойын барысы: су құйылған ыдысқа ұсақ заттарды саламыз. Енді сүзгінің көмегімен бала оларды судан сүзіп алып, ыдыстың оң жағында тұрған бос ыдысқа салуы керек.
Ойын: "Шашпа, төкпе"
Жасы: 2-4 жас аралығы
Қажетті заттар: құмыра, дәндер не ұнтақтар, су, ыдыс
Ойын барысы: алдымен құмыраға дақылды салып, оны оң қолмен ұстап, сол қолмен демеп бос ыдысқа құйып көрсетеміз. Егер бала құмырадан шашпай бос ыдысқа аударса, оны мадақтау керек. Дақылды аударып дағдыланған соң ұнтақпен, содан кейін сумен жұмыстанамыз
Ойын: "Крем араластыру"
Жасы: 2-3 жас аралығы
Қажетті заттар: ыдыстағы су, сусабын, шанышқы не қасық
Ойын барысы: Ыдыстағы суға бірнеше тамшы сусабын тамызып, балаға араластыру ұсынылады. Міндетті түрде сағат тілі бағытымен араластыруы керек. Су шашыраған жағдайда сулықпен сүрткізіп үйрету керек.
Ойын: "Аш та, жап "
Жасы: 2-5 жас аралығы
Қажетті заттар: қақпақтары жабылған түрлі көлемдегі ыдыстар
Ойын барысы: балаға дүкенші (дәрігер, т. б. ) болу ұсынылады. Ол әр түрлі көлемдегі ыдыстардың қақпағын ашуы керек. Баланың міндетті түрде қақпақты бұрап ашқанын қадағалау керек. Соным

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: