Баланың достарымен, заттық объектілерімен өзара әрекет тәжірбиесін меңғеруде заттық – даму ортаның атқаратын рөлі, түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды модельдеу

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ен қатар ыдыстардың көлемдерін айтып өту керек.
Ойын: "Қасықпен сал"
Жасы: 2-5 жас аралығы
Қажетті заттар: екі құрғақ кесе, манна ұнтағы не жарма, қасық
Ойын барысы: Екі құрғақ кесені алып, сол жағындағы кесеге жарма не манна ұнтағын саламыз. Ал оң жағындағы бос болуы керек. Сосын қасықпен жарманы алып бос кесеге саламыз. Енді балаға осы әрекетті қайталаймыз. Не болмаса балаға шайына қант салып араластыру ұсынылады. Ойын барысында жарманың қасықтан төгіліп қалмауын қадағалайды.
Ойын: "Ілгектеріңді сал"
Жасы: 2-5 жас аралығы
Қажетті заттар: арнай дайындалған "салынбалы рамкалар" (ілгектермен, баулармен, сырғатпалармен, ілмектермен, қапсырмалармен, т. с. с. )
Ойын барысы: балаға арнайы дайындалған "салынбалы рамалар" беріледі. Ол өз бетімен ілгектерді не қапсырмаларды, т. с. с. салуы не бекітуі керек. Салу, бекіту дағдылары қалыптасқаннан кейін бауларды баулап үйретуге болады. Бұл ойын күнделікті өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады.
Ойын: "Күлбике"
Жасы: 1,5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: араласқан дәндер ( фасоль, бұршақ, күріш, қарақұмық, т. б. ) немесе түрлі пішіндегі (түрлі түске боялған) макарон өнімдері, қажетіне қарай бос ыдыстар
Ойын барысы: араластырылған дәндер алынып, балаға оларды ыдыстарға ажыратып салу ұсынылады. Не болмаса түрлі пішінді макарон өнімдерін алуға болады. Оларды алдын ала түрлі түске бояса балаларға ойын қызығырақ болады. Әрі олардың түстерді ажырату қабілеттері дамиды.
Ойын: "Сиқырлы қапшық"
Жасы: 3-5 жас аралығы
Қажетті заттар: балаға таныс 8-10 ойыншық не ұсақ заттар, әдемі қапшық
Ойын барысы: қапшыққа ойыншықтар не ұсақ заттар орналастырылып, ауызы жабылады. Бала көзін жауып, қапшықтан бір затты алады

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: