ортасына мейірімсіздігін көрсете бастайды. "Ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі" үлкенді сыйламау, дөрекі сөз айтпау, біреуді сырттай жамандамау сияқты әдеттерді де бала жанұяда өз ата-анасынан үйренеді.
Кейбіреулер үйіне келген жолдасын, не туысын күлмсіреп қарсы алады да, үйінен шығып кеткеннен кейін "ой бір өзі оңбаған адам" немесе басқаша сөздермен балағаттап отырады. Өздерінің өтіргі, екіжүзділігі балаға қандай әсер қалдырғаны туралы ойламайды.
"Сүтпен кірген-сүйекпен кетеді" дейді халқымыз. Бұл жасында бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, ержеткенде де сол әдеті қалмайды деген сөз.
"Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала" деп бекер айтылмаған.
Ендеше, ардақты ата-аналар, ұлтымыздың қанындағы ізеттілік-дөрекелікке, қайырымдылыққа, ауыспасын деген үлкен тілек тұр. Бұл тілек-ұрпақ алдындағы үлкен міндет.
Мың өліп, мың тірілсек те қазақ халқында "жетім балалар үйі", "қарттар үйі" болмағандығын естен шығармайық.
Ұлағатты ата-әже, асқар тау әке, парасатты ана бола білейік.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгенен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады.
Баланың сабаққа қарап озат оқушы болуы, тіпті қанағаттанарлық үлгерімі, адамгершілік қасиет иесі болып өсуі ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, кеме, ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.
Дұрыс өспеген жеміс ағашы дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?
Бір бөлшегі бұрыс жасалған самолетті ұшырғаннан не пайда? Ол өзін де, өзгені де мерт етпей ме? Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімнен көреді.
Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылып, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Он
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>