Бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар мен кемшіліктер және оны шешу жолдары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Бала тәрбиесіндегі кездесетін
қиыншылықтар мен кемшіліктер
және оны шешу жолдары"
Орындаған: Шығыс Қазақстан облысы,
Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердюгожина Бижамал Мұхаметқалиқызы

Қазақстан Республикасының Конституциясында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы" деп, отбасының міндеті анық көрсетілген. "Отан от басынан басталатыны сияқты, тәрбие де отбасынан басталады. Сондықтан өсірген ұрпақтарыңызға өткената-бабамыздың әдет-ғұрпы, салт-санасын, иман жолын бойларына дарытып, ұлағатты ұрпақ өсіру әрбір ата-ананың алдында белгілі болуы керек. Он балан болса да дүниеге келтіргеннен кейін, әрқайсысының тәрбиесіне ата-ана ретінде жауап беретіндей дәрежеде болғаныңыз жөн.
Таңертең түгел үйде, кешке түгел үйде болса, болды деп салғырт қарасаңыз, уақыттың өткенін білмей қаласыз. Бір күні мектеп бітіріп, кәмелеттік жасқа жеткенде "бұл қалай болды" деп өкінетін жандар аз емес.
Қазір жан-жақтарыңызға қарасаңыздар біліміңіз болмаса жұмыс жасап нан табудың өзі болашақта қиындық келтіретінін түсінесіз.
Сондықтан, сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып, өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Отбасы-тәрбие бесігі. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. "Баланы жастан" деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын.
Жаман бала қайдан пайда болады? Ата-аналар өздері тарапынан кеткен кінәні ескермей айыптыны іздейді. .
Осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедег

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: