Бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар мен кемшіліктер және оны шешу жолдары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

айшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп ол ешкімнің ақылын тыңдамайтынын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоқмойын, тілазар болып өседі.
Баланың нағыз адам, не болмаса екі аяқты хайуан сынды адамгершілікқағидаларына сай келмейтін сипатта өмір сүруі бала кезінде тәрбиеленген отбасының өмір салтына байланысты.
Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты ықпалды бала сезін түйсінеді.
Ер бала болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды.
Балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады.
Естігені де бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс-әрекетке айналады. Одан соң мінез-құлық, іс-әрекет, не жүріс-тұрыс ерекшілігі болып орнығып алады. Сөз де солай, керек кезінде аузына үсе қалалы. Осының бәрі өзіне тән стилі, мінез-құлыққа айналады.
Баламен әрқашан да қарым-қаныста болып тұру дұрыс. Уақыты жоқ ата-ана біраз уақыт өткенен кейін баласының өздерін тыңдамайтынын, т. б жат мінездерін байқайды. Одан кейін амалы таусылып кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз емес. Балаларға деген ондай қөзқарас жан дүниесін жаралайды, өмірден түңілдіреді. Бара-бара бала тұйықталып, сұраққа қысқаша жауап беретін болады, көңілінде өшпес өкпе пайда болады. Өзін екінші сортты адамдар қатарына қосып қояды.
Рахымсыздық, көңіліне қаяу түсірумен бірге, өсе келе ата-анасына, өз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: