Бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар мен кемшіліктер және оны шешу жолдары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

і қателіктер:
1. Баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігі.
2. Қазымырлық пен көзден бір елі таса қылмай бақылау да жақсылық әкелмейді. Бұған дұшар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды. Да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әртүрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да баланың болашағы күмәнді істерге соқтырады.
3. Баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тыйымсыздық, тойымсыздық блаларды ызақорлық пен алаңғасырлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады.
4. Ауруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істету, өзімшілдік, тәкәпарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететтінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да, аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек.
5. Баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады.
6. Отбасындағы қаталдық, ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы қаталдық-рахымсыздық пен қатігездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады,-мұндай мінезді қазақ "таз ашуын тырнадан алады" дейді.
7. Балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесінің күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқыныш та болып, шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен, өзін нашар, әлсіз сезінеді.
8. Тәрбиедегі қарама-қ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: