дай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығын артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса ол баланың мектепке, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды.
Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойылып отырғанын білмейді.
Сонымен қатар, қазіргі кездегі отбасындағы берілетін тәрбиеге нұқсан келтіретін бір нәрсе-жұмыссыздық. Жұмыссыздық бала тәрбиесіне, оның ары қарай дамып, жетілуіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Ата-ана қаражат табумен күн демей, түн демей жұмыс істейді. Ал бала ата-анасы келгенше үйде жалғыз отырады, жалығып, жағымсыз іс-әректтермен айналыса бастайды. Ата-анасы оны білмейді. Міне, осылай бала теріс жолға түседі.
Ата-аналар қаражат табу қамымен жүргенде, мектеппен байланысын үзеді. Екі жақ тығыз байланыста болмаса, бала екі жақтың бірлескен тәрбиесін көрмесе оның келешегіне балта шабылды деген сөз.
Жалпы тәрбие мәселесіне бірнеше жауап беретін ата-ана. Себебі, баланың алғашқы көргені, алғашқы естігені ата-анасының сөзі. Алғашқы сезгені ата-ананың жылы алақаны, ата-ана бойындағы қасиеті.
Менің бес балам бар. Балалардың денсаулығы, тәртібі, оқуы, киімі, тәрбиесі-басты мақсатымыз. Үйде дауыс көтеріп сөйлеу, ғайбат сөз айту, кеміту деген болмайды. Балаларды тазалыққа, еңбекке, әдептілікке үйретемін.
Мектепішілік, сыныптағы шараларға қатысып отырамын. Менімен бірге әжесі де келеді. Бала өзінің отбасында керек екенін, туысқандық сезімін арттырады. Баяндамада көрсетілгендей жанұямызда қаталдық, жоқтан өзгені сылтауратып ұрсуға, әлі жетпейтін жұмыстарды міндетсуге жол берілмейді.
Балалардың қуанышына ортақтасып, жетістігін
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>