ңбегін «Үндістанның ақша айналымы мен қаржылары» деп атады, 1933 жылы «Ақшалар туралы трактат» еңбегі жарық көрді. Бертін келе ол өз ойын тиімді өсудің макроэкономикалық мәселелеріне бағыттай бастады. Еңбектерінің ішіндегі ерекше орын алып, атағын шығарған жұмысы «Еңбекпен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегі 1936 жылы жазылды.
Кейнстің жалпы теориясының қаржылық тұжырымдамалары негізінен мынандай бағыттардан құралды:
Ұлғаймалы өндірістің барлық маңызды мәселелерін ресурстарды ұсыну жағынан емес, сұраныс бағыты жағынан қарастыру қажет, себебі сұраныс ресурстар қоғамын қамтамасыз етеді.
Экономика өзін-өзі басқара алмайды. Себебі капиталмен еңбектің күрделі түрде қоғамдастырылған жағдайында мемлекеттің экономикаға араласпауы мүмкін емес. Экономиканы мемлекеттік тұрғыда реттеу автоматты түрде экономикалық реттеу механизімдерінің алмастырылуы немесе айтарлықтай толықтырылуы қажет.
Экономикадағы тепе-теңдік мәселесін сұраныс көзқарасы жағынан шешкен тиімді. Сол үшін Кейнс қажеттілік пен өндіріс, табыс пен еңбекті қамту арасындағы тепе-теңдікті айқындайтын «тиімді сұраныс» терминін енгізді.
Аталмыш терминнің енгізілуі макроэкономикалық көрсеткіштерді (қоғамдық жиынтық өніммен ұлттық табыс) талдауға мүмкіндік берді. Бұл жалпы экономикалық жүйенің қалай жұмыс жасап жатқандығын ажыратуға септігін тигізді.
Экономиканы реттеудің басты құралы болып бюджет саясаты саналады. Мемлекеттік бюджет пен қаржы саясатына жұмысшы күшін еңбекпен қамту және өндірістік жабдықтау сияқты міндеттер жүктелуі тиіс.
Кейнс өз кезегінде салықтарға ерекше көңіл аударды, ол салықтарды ұлттық табысқа тікелей байланыстарды, себебі, ұлттық табыс деңгейі не ғұрлым жоғарылай түссе, соғұрлым көп мөлшерде бюджетке салықтар түседі, немесе керісінше, өндіріс құлд
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>