атқа деген көзқарасты өзгерту мәселесін қойды. Әсіресе, бұл мәселе 20-шы жылдың аяғына қарай шиеленісе бастады. Бұл жылдары көптеген мемлекеттерде экономикалық, саяси және әлеуметтік проблемалар күрделене түскен болатын. Осы кезеңде батыс елдерінде реттеуші қаржылық саясатқа көшу жүре бастады. Басында бұл қаржылық саясаттың негізіне
Дж. Кейнстің (1883-1946) және оның шәкірттерінің экономикалық теориясы алынды. Олардың теориясы бойынша мемлекет экономиканың циклдік дамуын реттеп отыруы қажет. Қаржылық саясат халықты толық жұмыспен қамту барысында әлеуметтік қатынастар және экономиканы реттеу үшін қаржылық механизмді қолдануды өзінің мақсаты ете бастады.
Жалпы алғанда, кейсиандық реттеуші қаржылық саясат. Батыс елдерінде өзінің салыстырмалы тиімділігін көрсетті. Ол 1930-1960 ж. Батыс елдерінің көпшілігінде тұрақты экономикалық өсуді, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін және әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландырудың тиімді жүйесін қамтамасыз етті.
70-ші жылдары қаржылық саясаттың негізіне экономикалық теорияның неоклассикалық бағытымен байланысты неоконсервативті стратегиясы қаланды. Қаржылық саясаттың бұл түрі реттеушілік мақсаттан бас тартқан жоқ, бірақ мемлекеттің экономикаға және әлеуметтік салаға араласуын шектеді. Экономиканы реттеу көп мақсатты бастады. Экономикалық өсу мен жұмыспен қамтудан басқа мемлекет ақша айналымын, валюталық бағамды, экономиканың әлеуметтік факторларын, шаруашылықтың құрылымдық қайта өзгеруін де реттейді.
Қаржылық механизм бұл жағдайларда қорлардың өсуін ынталандыру арқылы бюджеттік тапшылықты азайту арқылы және қаржылық жүйе арқылы ұлттық табыстың қайта бөліну көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Үлкен көңіл салықтарға бөлінеді. Салық салудың прогрессивтілік деңгейін азайту және қысқарту мәселесі орын алады.
Бұл арад
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>