ыраған жағдайда ұлттық табыс қысқарады да, салық сомасы төмендейді.
Кейнс өзінің түсінігі бойынша адамдардың қолдағы қаражаттарын қайткенде іске тартатын саясат өте қажет деп санап, табыс салығын прогрессифті мөлшерлеме бойынша алуды ұсынды.
Кейнс теориясының негізгі басты бағыты-макроэкономикалық тепе-теңдік.
Қажеттілікке деген бейімділік объективтік факторлар (еңбек ақымен салықтар) мен қоса субъективтік факторларға да (адамдардың «қара күнге» деген жинақ ақшалары) тәуелді.
Кейнс толығымен адамдардың қаражаттарды қолда ұстап жинақтауларына қарсы болған себебі, осының нәтижесінде экономикада тоқырауы мен үйлесімсіздік пайда болады, тиімді сұраныс бұылады деп, адамдардың қолма-қол ақшаларды жинақтау себептерін ерекше назарымен зерттей бастады.
Табыс беріп отыратын активтерді (жер, үйлер, облигациялар мен акциялар) адамдардың қолда ұстап іске қоспауына әсер ететін үш себеп бар деп санады Кейнс. Бұлар - алып-сатарлық себеп (капиталдан айырылып қалу қауіпі, қорқыныш), трансакциялық себеп (болашақта кезігіп қалуы мүмкін деген шығындарды жабу мақсатында қаражатты қолда ұстау)және алдын-ала сақтық себебі.
«Ұлттық табыс жиынтық шығындар» деген еңбегі Кейнстің үлгі, Кейнс кресі деген атқа ие болды. Бұл үлгіні зерттеу барысында автор жеке тұтынушымен (С) қоса, өндірістік қажеттілік да (инвестициялар)ескерген жөн дегенді алға тартты . « Кейнсиандық крест».
Кейнс пайымдауынша, егерде қоғам экономика дамуынан жақсы болашақ күтпейтін болса, кәсіпкерлер өндірісті дамытпайды, ал жинақ ақшалар нолге қарай бағытталады. Бұлар пайда болған жағдайда ұлттық табыс SО-ден N-ге дейін өседі, ал тепе-теңдік нүктесі ЕО-ден Е-ге дейін қозғалады. Белсенділікті ынталандырушы мемлекет болғандықтан мемлекеттік шығындар (G) көбейеді –бұл жағдайда тепе-теңдік Е-
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>