Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>

ден Е 1-ге қарай қозғалады, ал ұлттық табыс өндірісі N1 нүктесіне қарай жылжиды.
Таза экспорттың (Е2) жалпы шығындары мен табыстарын сомалағанда пайда болатын нәтижеге байланысты ұлттық табыстың мұндай өсуі толық еңбекпен қамту деңгейіне жеткенше жалғаса береді. Бұл жағдайда ұлттық табыс N2 кейпін қабылдайды. Экономикаға мемлекеттің араласуы экономикада толық еңбекпен қамту ( EF) дәрежесін жақындата түседі.
Осылайша, кейнстік тепе-теңдік үлгісі мынадай формуламен айқындалады CJGХn, бұл жерде С-қажеттілік, J- инвестициялар, G-мемлекеттік шығындар , Хn-таза экспорт.
Кейнс өз зерттеулерін қортындылай келе экономикалық тепе-теңдік жинақ ақшалармен қорлар арасындағы тепе-теңдікпен анықталады деді. Экономиканың басты қайғысы тиімді сұраныстың аздығында, сол себепті экономиканы тоқыраудан алып шығу экономикаға мемлекеттің араласуымен ғана шешімін табады.
Түрлі қоғамдық жұмыстарды инвестициялауда ұйымдастыру, инвестиция түрлеріне бақылау жасау, сонымен қатар тұрмысы төмен халықтың сатып алу қабілеттілігін арттыру (зейнетақы, жәрдемақыларды көбейту, жеңілдікпен салық салу) арқылы қажеттілікке деген бейімділіктерін бақылау сияқты мәселелерге мемлекет белсенді ат салысқан жағдайда ғана, халықтың сатып алу қабілеттілігі жоғарылап, мультипликация тиімділігі байқалып, яғни ұлттық табыстың өсуіне алып келеді. Бұл экономиканы тоқыраудан шығарудың бастапқыда маңызды жолы деп санады Кейнс.
Кейнс өз зерттеулерінде басты деп бағаны емес, өнімнің нақты көлемін санады, ал макроталдаудың негізі ретінде адамдардың ақшаға, жинақтауға деген бейімділігі жатты. Осылайша ағылшын экономисі Кейнстің теориясы 40-70 жылдардың барысында көптеген дамыған шет мемлекеттерінің қаржы саясаты мен қаржылық тұжырымдамасының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Экономикалық теория

Страницы: <<  <  36 | 37 | 38 | 39 | 40  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: