Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу керек деп ойлаймын.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек деген тұжырымдары бар.
Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз анық. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоямыз. Жеті модульді сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі, сабақ тартымды, әсерлі, айқын, мақсатты, қызықты және толықтай мәнді болады. Жоғарыда айтылғандай сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін білім мазмұнын әлемдік стандартқа жеткізу үшін жаңаша оқу үдерісі арқылы өз ойын еркін айтатын, өзіне сенімді, жан-жақты ойлай алатын, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, бірнеше тілді білетін оқушыларды дайындау үшін мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру керектігін түсіндім.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын артты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: