«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет" деген».
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
- Рубрика: Другие материалы
- Формат: zip
- Просмотров: 139
- Скачиваний: 10